AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жақсартыл...

2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жақсартылады 

Әлеумет 27.07.2022, 09:47 1,454
2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жақсартылады 
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан хабарлады.


Бүгін ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мегаполистің жол инфрақұрылымын дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Е. Абжаханның айтуынша, Алматы қаласының көше-жол желісінің ұзындығы 3096 шақырымды құрайды, оның 234 шақырымы асфальтталмаған.



«Біз 2025 жылға қарай  қаладағы жақсы жолдардың үлесін  95%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 234 км жаңа жол саламыз, жыл сайын кемінде 200 км жолға орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады спикер.



Е. Абжахан жолдардың құрылысы туралы айта келе, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі – Мөңке би көшесі үш жолайрығының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бұқтырма – Құлжа трактісі көшелерінің қиылысындағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Жер учаскелерін сатып алу аяқталды. Қаражат толық көлемде бөлінді.



«1 қыркүйекке дейін эстакада мен пандустарды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, сол арқылы барлық бағыттар бойынша көліктердің жүруін қамтамасыз ету жоспарлануда. Абаттандыруды ескере отырып, толық аяқтау 2022 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр», - деді әкімдіктің ҚМБ өкілі.



Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жұмыстар да сатып алынған учаскелерде жүргізілуде. Жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.


Саин - Мөңке би көшелеріндегі жол айрығының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. ЖСҚ түзетілуде. Биыл коммуникацияларды қайта құру және айналма жолдарды салу бойынша жұмыстар жоспарлануда, ал жұмыстарды толық аяқтау келесі жылдың соңына жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдар #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);