AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылға 9,5 мың шақырым жолға жұмыс жоспарланғ...

2025 жылға 9,5 мың шақырым жолға жұмыс жоспарланған

Әлеумет 04.02.2025, 15:52 882
 2025 жылға 9,5 мың шақырым жолға жұмыс жоспарланған
Cурет: Primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды.

Көлік министрі Марат Қарабаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ағымдағы жағдай туралы, сондай-ақ Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 12 мың шақырым жол, оның ішінде 8 мың шақырым – республикалық жол желісі, 4 мың шақырым – жергілікті жол қамтылған. Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 7 мың шақырымды құрайтын ірі автожол жобалары аяқталғанын, стратегиялық маңызды нысандар: Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Шамалған стансасын айналып өтетін жол өтпесі, Түркістан облысында орналасқан еліміздегі алғашқы туннель пайдалануға берілгенін хабарлады.

Сондай-ақ Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан, Қазталов – Жәнібек және Өнеге – Сайқын сияқты негізгі магистралдарда жол жүру қамтамасыз етілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, жергілікті жолдар жағдайы 89%-ға жеткені атап өтілді.

Мемлекет басшысының жолдарды жыл сайын жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2025 жылға 9,5 мың шақырымға жұмыс жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Доссор, Қызылорда – Сексеуіл, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл, Рудный, Шымкент және Түркістан қалаларын айналып өту жобаларын іске қосу және 2,5 мың шақырымға жөндеу жүргізу көзделген.

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев Үкімет отырысы барысында 2024 жылы республикалық желі нысандарын сараптамамен қамту 100%-ға, жергілікті желі бойынша – 99%-ға жеткенін хабарлады. Жол құрылысы сапасын бағалау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мердігер компаниялар өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге жұмыстарды қайтадан жасады. Биыл нысандарды 100% сараптамадан өткізу және жол-құрылыс материалдарының 10 мың үлгісіне сынақ жүргізу жоспарланып отыр.

Жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша автожолдарды диагностикалау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде, автоматтандырылған бақылауға және электрондық көлік құжаттарына ауқымды көшу жүзеге асырылуда.

Премьер-министр жол саласы әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #Жол саласы #мәселелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);