AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары са...

2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті

Білім және ғылым 07.01.2025, 12:43 1,150 dulatbekova
2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы келесі оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
 
Сараптамада 278 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал қаралды, оның 266-сы мақұлданып, пайдалануға ұсынылды. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Брайль шрифтімен және жазуы үлкейтілген оқулықтар әзірленді. 4-сыныптар үшін цифрлық сауаттылық, орыс тілі және шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), бейнелеу өнері, еңбекке баулу, жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтар және ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге арналған оқу құралдары бекітілді.
 
«Пәндік сараптама комиссиясында тәжірибелі педагогтер мен ғалымдар жұмыс істеді. Оқу әдебиеттерін бағалау әр басылымды сынақтан өткізу мен талдау нәтижелеріне негізделіп, ғылыми-педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілді. Бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім берудің заманауи талаптарына толық сәйкес келіп, оқушылардың табысты оқуына және болашақта қажетті маңызды дағдылар мен білімдерді дамытуға бағытталған», – деп атап өтті министрліктің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Әбдірахманова.
 
Сондай-ақ айта кету керек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік құралдар алғаш рет кешенді сараптамадан өтті. Оқу-әдістемелік кешенге әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, оқулық, үлестірме және демонстрациялық материалдар мен альбомдар кіреді.
 
 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқулықтар #сараптама #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);