ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылы АӨК саласында 286 инвестициялық жоба іск...

2024 жылы АӨК саласында 286 инвестициялық жоба іске асырылды

Әлеумет 27.02.2025, 15:47 553
2024 жылы АӨК саласында 286 инвестициялық жоба іске асырылды
Сурет: АШМ
Министр Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында 2024 жылы агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту жөніндегі...

Министр Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында 2024 жылы агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың нәтижелері айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

            2024 жылы АӨК негізгі капиталына инвестициялар 1,1 трлн теңгеден асты, оның ішінде 919 млрд теңге ауыл және балық шаруашылығына (өсім - 102%), азық - түлік өндірісіне - 181 млрд теңге (өсім-115%) бағытталды.

            286 жоба пайдалануға берілді.

            Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2025-2027 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді, оның шеңберінде 2,4 трлн теңге сомасына 632 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2025 жылы 264 жоба, 2026 жылы – 249, 2027 жылы – 119 жоба іске қосылады деп жоспарланған.

            Негізгі инвестициялар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құс шаруашылығы саласындағы жобаларға, жылыжай кешендеріне бағытталатын болады.

            Олардың ішінде қуаттылығы 10 000 тонна жылыжай кешені, қуаттылығы 30 000 га тамшылатып суару жүйелерін орнату, Түркістан облысында 150 000 тоннаға жүгеріні терең өңдеу жобасы, ШҚО-да қуаттылығы 50 000 тонна май зауыты бар. Алматы облысында қуаттылығы 8 700 тонна құс фабрикасын ашу жоспарлануда, Ақтөбе облысында қуаттылығы 2 500 тонна жүн өңдеу зауыты пайдалануға беріледі.

         Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жалғасуда: PepsiCo және Mars трансұлттық компаниялары 500 млн.АҚШ доллары сомасына жобаларды іске асыруда, Tiryaki, Dalian Hesheng Holdings Group Co, Fufeng Group және басқалары бидай мен жүгеріні терең өңдеу бойынша жобаларды іске асыруда, Alarko Holding, "Эко-мәдениет" жылыжай шаруашылықтарын дамытуда.

          Отырыс соңында министр 2025 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді, салаға 2,0 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.