Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 43 км су құб...

2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 43 км су құбыры және кәріз желісі салынды

Әлеумет 18.10.2024, 10:06 1,011
2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 43 км су құбыры және кәріз желісі салынды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында оларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз желілерін салу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың шілде айында «Әлмерек» шағын ауданында 20 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Биылғы жылдың қазан айының соңына дейін шағын аудандағы 400 үйді жаңа желілерге қосу жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл қазан айында «Жас Қанат» шағын ауданында 8 км су құбыры және 8,6 км кәріз желілері салынды. Бұған дейін тұрғындар ауыз суды ұңғымалардан алып келген. Қазіргі уақытта соңғы іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталуда, қазан айының соңына дейін желілер іске қосылады.

Сонымен қатар, Закарпатская көшесінде 4,8 км су құбыры және 1,6 км кәріз желілерін салу жұмыстары аяқталды. Биылғы жылдың қараша айының соңына дейін екі кәріз сорғы станциясын (КСС) орнатып, тұрғындарды желілерге қосу көзделген.

Бұған қоса, «Төменгі Бесжылдық» шағын ауданында 115 км су құбыры және 32 км кәріз желілері салынып жатыр. 

Жұмысты биыл аяқтау жоспарланып отыр.

«2024 жылдың қыркүйек айында «Қайрат» шағын ауданында су және кәріз желілерінің екінші кезеңін салу бойынша мердігер анықталды, бұл бұрын сумен және кәрізбен қамтылмаған учаскелерді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс 2025 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда», - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімі «Шуақты» шағын ауданында кәріз сорғы станциясы (КСС) салынып жатқанын хабарлады, бұл Волочаевская көшесіндегі 70 үйдің кәріз мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жұмыс 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Сонымен қатар, «Вокзал» қазандығына 3,4 км су құбыры және 7,3 км электр желілері тарту жұмыстары аяқталды.

Осылайша, бұл жобалар Түрксіб ауданының 21 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп сөзін түйіндеді Алматы әкімі.

Айта кетейік, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылдың 9 айында Алматы қаласының су және кәріз жүйелері саласында 219 км жаңа желі салынды және 27,3 км ескі желі жаңғыртылды.

Қабылданып жатқан шаралар 2025 жылы су құбыры желілерінің тозуын 53,5%-ға, кәріз желілерінің тозуын 55,2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.