Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда коллектор...

2024 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда коллекторлық қызметке қатысты өзгерістер күшіне енеді

Әлеумет 28.09.2024, 14:35 2,487
2024 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда коллекторлық қызметке қатысты өзгерістер күшіне енеді
almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 1 қазаннан бастап коллекторлар қарызды өндіріп алу кезінде қарыз алушымен келісімге келу тәртібін ұстануы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, коллекторлар қарыз алушыға оның міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге өтініш беру құқығы туралы хабарлауы керек:

2024 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған қарыздар бойынша – 20 күн ішінде;
2026 жылғы 1 мамырдан кейінгі жаңа қарыздар бойынша – 30 күн ішінде банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша құқықтар алынған сәттен бастап хабарлануы тиіс.

Сонымен қатар, қарыз алушылардың құқықтары кеңейтілді. Енді қарыз алушылар коллекторлық агенттікке кез келген уақытта қарызды реттеу бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. Бұл ұсыныстар келесі шарттарды қамтуы мүмкін:

Негізгі қарызды немесе сыйақыны төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;
Қарызды өтеу кезектілігін өзгерту, соның ішінде негізгі қарызды басым түрде өтеу;
Қарыз мерзімін өзгерту;
Айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту немесе толығымен жою;
Банктік қарызды өтеуге қатысты комиссияларды азайту немесе алып тастау;
Негізгі қарыз және/немесе сыйақы бойынша толық немесе ішінара кешіру;
Жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату арқылы қарызды өтеу;
Қамтамасыз етілген мүлікті коллекторлық агенттікке беру арқылы міндеттемені өтеу.
Қарыз алушының өтінішінде міндеттемелерді орындамау себептері көрсетілуі тиіс және кірістердің азайғанын немесе міндеттемелерді орындау мүмкін еместігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Өз кезегінде, коллекторлар өтінішке 15 күн ішінде жауап беруге міндетті. Олар қарыз алушының ұсыныстарымен келісуі, қарсы ұсыныс жасауы немесе дәлелді түрде бас тартуы мүмкін.

Коллекторлық агенттік шешім қабылдаған кезде ішкі құжаттарға сүйенеді, онда қарыз алушылардың категориялары (мысалы, ресми жұмыссыздар немесе әлеуметтік осал топтар) және қажетті құжаттар тізімі мен қарыз жүктемесін азайту шаралары көрсетілуі керек.

Бұл ақпарат коллекторлық агенттіктің ресми сайтында орналастырылуы қажет.

«Несие беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын және орындау өндірісін реттеуді жетілдіру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 маусымда қол қойғанымен, ол біртіндеп күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #коллектор #қарыз #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.