ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / 2024-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты...

2024-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленді

Білім және ғылым 28.09.2023, 11:10 1,327
2024-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленді
Сурет: Primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралды.


Отырысты ашқан Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индексті жарияланғанын атап өтті. Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 



«Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек», - деді Әлихан Смайылов.



Ведомство басшысы Саясат Нұрбек халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Еуропалық Одақ елдері, Канада, Австралия, Малайзия, Испания және басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді ескере отырып, алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленгенін айтты. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты жеке қарастырылатын болады.


Бұл тізімге «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану», «Энергия, озық материалдар және көлік», «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Өмір және денсаулық туралы ғылым» және «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» бағыттары енді. Өз кезегінде, бағыттардың әрқайсысы 8-ден 18-ге дейінгі бөліктерден тұрады.


Жалпы, белгіленген басымдықтар шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті (соның ішінде жылу энергиясын) қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.


Сонымен қатар құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп, көлік технологиялары, робототехника, жасанды интеллект, жаңа материалдар жасау, телекоммуникация, медицина, фармацевтика, мал шаруашылығы, егіншілік, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеу және сақтау, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. салаларында зерттеулерді қолдау жоспарланып отыр. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер де қарастырылған.


Талқылау және дауыс беру нәтижелері бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия аталған тәсілдерді мақұлдады.


Сонымен қатар жиында 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттар бойынша қаржыландыру көлемін бөлу және ғылыми-техникалық міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.