AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа...

2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Білім және ғылым 26.06.2024, 12:56 875 dulatbekova
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Сурет: Gov.kz

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды.

Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.

Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:

  • I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
  • бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Естеріңізге сала кетейік, абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық #Сұраныс #абитурент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);