конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылы су заңнамасын бұзғандарға жалпы сомасы 1...

2023 жылы су заңнамасын бұзғандарға жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Әлеумет 05.03.2024, 14:10 1,103
2023 жылы су заңнамасын бұзғандарға жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары өткен жылы су заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 64 тексеріс жүргізді.


Нәтижесінде, 129 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, су объектілерін заңсыз басып алу, рұқсат етілген көлемнен артық су алу, су шаруашылығы құрылыстары пайдалану ережелерін бұзу, заңсыз су ұңғымаларын бұрғылау және жерасты суларын алу құрылыстарын салу, суды бастапқы есепке алу тәртібін бұзу және есепке алу деректерін бұрмалау сынды бірқатар бұзушылықтар тіркелді. 


Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 56 ұйғарым беріліп, 63 әкімшілік іс сотқа жіберілді. Бүгінгі күнге су заңнамасын бұзғандардан 11 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. 


Елімізде су ресурстарын қорғау мәселесі өте өзекті. Судың «қара нарығын» жою және оның шығынын бақылауды қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік инспекция штатын 1,5 есе көбейтті. Егер бұрын бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болса, қазір жалпы штат саны 242 адам. Бұдан бөлек, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын да беру көзделген. Ал кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су заңнамасы #бұзғандар #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);