конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылы қандай салаларға мемлекеттік аудит жүргі...

2023 жылы қандай салаларға мемлекеттік аудит жүргізіледі

Әлеумет 20.12.2022, 14:00 1,628
2023 жылы қандай салаларға мемлекеттік аудит жүргізіледі
Сурет: Inform.kz

Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесі қалыптастырылды


ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова 2023 жылы елімізде қандай салаларға мемлекеттік аудит жүргізілетіндігін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«ҚР Жоғары аудиторлық палатасы сіздердің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын екінші деңгейдегі банктердегі депозиттік шоттарға орналастыру тиімділігіне аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтімділігін ЕДБ басқаруының әлеуметтік-экономикалық салдарына және мұндай басқарудың банктік кредиттеу нарығының жағдайына ықпал етуіне аудит және талдау жүргізуге, өтімділікті басқарудың қолданыстағы моделін және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бағалауға қатысты жолданымдарыңызды қарап, мынаны хабарлайды. Сіздер қозғап отырған ұлттық экономикаға инвестиция салудың ішкі қайнар көздерін іздеу қажеттігі туралы мәселелер аса өзекті және Жоғары аудиторлық палатаның материалдарында және аудиттерінің қорытындыларында ұдайы көтеріледі», - делінген палата төрағасының Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында.



Оның атап өтуінше, тиімділік аудиттерін қалыптастыру «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 18-бабына сәйкес жоспарлы негізде жүргізіледі. Осылайша, Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудитті тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану негізінде қалыптастырылған Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесі Қазақстан Республикасы Парламентінің депуттары мен қоғам көтерген аса өзекті мәселелерді есепке ала отырып қалыптастырылды.



«Барлығы 9 аудит тобының болуына байланысты Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесінің жобасына толықтыру енгізу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының 28 пайызы Мемлекет басшысының және оның Әкімшілігінің тапсырмалары бойынша жүргізілетін аудиттерге тиесілі. Қазіргі уақытта тізбеде 2023 жылы жылу энергетикасының, орта білім беру мен денсаулық сақтаудағы, автомобиль және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы, көші-қондағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, қорғаныс қабілеттілігі мен әскери қауіпсіздіктің тиімділігіне аудиттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірқатар жедел аудиттер жүргізу жоспарланған», - деді Наталья Годунова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аудит #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);