AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылы Алматыда жылумен жабдықтау желілері жаңғ...

2023 жылы Алматыда жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылды

Әлеумет 21.12.2023, 07:14 934
2023 жылы Алматыда жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы «Каменское плато» шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің көпжылдық проблемасы 2023 жылдың соңына дейін шешіледі


2023 жылы Алматыда 231 шақырым сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілері салынып, жаңғыртылды. 13 кәріз сорғы станциясы салынды. Екі қазандықты реконструкциялау арқасында «Южная» қазандығының қуаты 1,5 есеге және «Премьера» қазандығының қуаты 2 есеге ұлғайды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.


«Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі- қала тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтерге қолжетімді ету.  Жүргізілген жұмыстардың арқасында 2023 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 2022 жылғы 55,7% - дан 54,3% - ға дейін төмендеді», - деп атап өтті ол.


Алматы әкімінің айтуынша, биылғы жазда аптап ыстықтан Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде сумен қамтамасыз ету бойынша елеулі проблемалар анықталды. Шілде айында Медеу ауданында су тапшылығы тәулігіне 20 мың м3 құрады. 



«Су тапшылығын жою үшін қуаты тәулігіне 32 мың м 3 болатын сумен жабдықтаудың резервтік сызбасы жасалып, 2024 жылдың маусым айында аяқталады. Судың негізгі көздері - Талғардағы жер асты сулары. Сорғы станцияларының қуатын 60% - ға арттыра отырып, 6 жаңа скважина б жасалды. Ал 2023 жылдың соңына дейін «Каменское плато» шағын ауданының тұрғындарын сумен жабдықтаудың көпжылдық мәселесі 7 су қоймасын, оның ішінде 6,9 мың м 3-ке 5 резервуар салу арқылы шешілетін болады», - деді Ерболат Досаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);