Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылдың соңында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі і...

2023 жылдың соңында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі іске қосылады

Әлеумет 15.04.2022, 08:10 1,408
2023 жылдың соңында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі іске қосылады
Сурет: 24.kz

Жүйе мемлекеттік қызметке іріктеу процесінің барлық кезеңдерін автоматтандырады.


Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Президент Жарлығы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бірнеше мақсатты жүктеп отыр. Ол алдымен – «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толықтай цифрландыруды, сондай-ақ оны барлық мемлекеттік органдарда енгізуді және кеңінен таратуды қамтамасыз ету. Өткен жылдың өзінде мемлекеттік қызметке келу үшін тестілеуге қатысқандардың 50 пайыздан астамы ғана оны сәтті тапсырып өткен», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, көп жағдайда тестілеу орталықтары облыс орталықтарында орналасқан. Мысалы, Қытаймен шекаралас Нарынқол ауылынан Алматы қаласына дейін 340, ал облыс орталығы Талдықорған қаласына дейін 550 шақырымнан астам жол жүру керек.



«Одан кейінгі әңгімелесу кезеңі бойынша бірнеше мәселе бар. Өткен жылы 28 мыңға жуық іріктеу бойынша конкурс жарияланса, оған 46 мыңнан астам азамат қатысып, нәтижесінде тек 15 400 үміткер мемлекеттік қызметке іріктеліп алынды. Бұл жерде де қолжетімділікке қатысты сұрақ туындайды. Мысалы, маңғыстаулық жерлесіміз Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған әңгімелесуге қатысу үшін мыңдаған шақырым қашықтықты еңсеруі қажет. Осылайша, іріктеудің әр кезеңіне қатысу үшін көптеген азамат жол шығынын, одан бөлек күнделікті жұмысынан сұранып, бос уақытын арнауы керек. Әрине, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу процесінің барлық кезеңдерін автоматтандыру, қашықтан қатысу жоғарыда аталған мәселелерді шешетіні анық. Осы жұмыс келесі жылдың аяғына дейін аяқталады», - деді Берік Беркімбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #қызмет #жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.