Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемд...

2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдер бір жарым жасқа дейін төленеді

Әлеумет 24.01.2023, 06:45 1,415
2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдер бір жарым жасқа дейін төленеді
Сурет: Нalyq-uni.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Асқар Аймағамбетов айтты.


Бірінші, екінші және үшінші бала туған кезде 131 100 тг (38 АЕК); төртінші және одан да көп балаға 217 350 тг (63 АЕК) төленеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Президенті тапсырғандай, ата-аналар балаларының ең маңызды кезеңі - сәби кезінде олардың жанында ұзағырақ бола алады.


Ал егер егіз (үшем және т.б.) туған жағдайда біржолғы туу жәрдемақысы әр балаға төленеді және оның мөлшері туу тәртібіне байланысты.


Асқар Аймағамбетов Мемлекет басшысы 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайтуды тапсырғанын еске салды. 2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа толғанға дейін ұлғайды (бұрын бір жасқа дейін төленген), ол мыналарды құрайтын болады:


– бірінші балаға – 19 872 тг (5,76 АЕК);


– екінші балаға – 23 495 тг (6,81 АЕК);


– үшінші балаға – 27 083 тг (7,85 АЕК);


– төртінші және одан да көп балаға – 30 705 тг (8,9 АЕК).



«Жұмыс істейтін аналарға бала күтіміне байланысты үйінде отырып табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем де мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жылға дейін ұзартылады және оның мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды», - деп хабарлады ӨКҚ спикері.



Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы КД мөлшерінен 1,4 көлемінде төленеді. 2023 жылғы қаңтардан бастап бұл жәрдемақының мөлшері 56 794 теңгені құрайды.


I топтағы бала кезінен (яғни 18 жастан асқан) мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақылар 2023 жылғы қаңтардан бастап 56 794 теңгені (КД-нен 1,4) құрайды.



«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 22 080 теңгені (6,4 АЕК) құрады.



Өзімен бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2023 жылғы қаңтардан бастап тағайындалған жәрдемақы мөлшері:


– төрт балаға – 55 304 тг (16,03 АЕК);


– бес балаға – 69 138 тг (20,04);


– алты балаға – 82 973 тг (24,05);


– жеті балаға – 96 807 тг (28,06);


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #жәрдемақы #күтім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.