Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы бол...

2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды

Әлеумет 21.12.2022, 02:40 1,276
2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай фильм шығады.


2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тараптар биыл бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылап, келер жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды. Қазақстан тарапының ұсынысымен 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды.




«ТҮРКСОЙ ықпалымен түркі әлемінің ынтымақтастығы сапалы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Тарихи-мәдени мұраны сақтауға маңызды мән беріліп отыр. 2023 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) құрылғанына 30 жыл толатынын білеміз. Мерейтой жылы барлық бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жандандырып, бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Дәурен Абаев.



Айта кетейік, 2023 жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай ТҮРКСОЙ қолдауымен фильм шығару және оны ұйымға мүше мемлекеттер аумағында көрсету жоспарланған.


Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ деңгейінде театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жылдығы, жазушы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы, қазақ ақыны, әдебиеттанушы, жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы түркі тілдес елдерде кеңінен аталып өтеді.


Өз кезегінде Сұлтан Раев Ұйым аясындағы белсенді жұмысы үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді және мерейтойларды жоғары деңгейде өткізу ТҮРКСОЙ мемлекеттері арасындағы байланыстарды нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#2023 жыл #Темірбек Жүргенов жылы #ТҮРКСОЙ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Бүгін 16:59

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.