ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2022 жылы Алматының Кәсіпкерлер палатасы республик...

2022 жылы Алматының Кәсіпкерлер палатасы республикалық маңызы бар реестрге қосылған мәселелерді атады

Әлеумет 29.12.2022, 06:04 1,314
2022 жылы Алматының Кәсіпкерлер палатасы республикалық маңызы бар реестрге қосылған мәселелерді атады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Биыл 349 800 теңгеге бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Биыл 349 800 теңгеге бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. 


Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтіп бара жатқан 2022 жылдың қорытындысын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол мамыр, қыркүйек айларында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Р.А. Баталов және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кәсіпкерлердің кездесулері өткенін айтты.


Аталған кездесулер барысында айтылған мәселелер ҰКП жұмысындағы республикалық маңызы бар тізілімге қосылған.


Мәселен:


- Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасымен бірлесіп, қоғамдық тамақтандыру саласымен айналысатын 8 кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жою бойынша көмек көрсетілді. 349 800 теңгеге бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.


- «Solva»  микроқаржы ұйымының өтініші бойынша, Палатаның көмегімен қалада кәсіпкердің жарнамалық нысандарын орналастыруға тыйым салу туралы шешімнің күші жойылды. Прокуратурамен Қалалық жоспарлау  және урбанистика басқармасына қатысты қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Есепті кезеңде Палата 203 нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізді. 30 жобаға ескертулер жолданды. Негізінен, ескертулер тарифтердің, салық мөлшерлемелерінің негізсіз көтерілуіне және экономикалық есептердің жоқтығына қатысты.


2022 жылы Кеңестің 10 отырысы өтті. 22 проблемалық мәселе қаралды. 7 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту шаралары қабылданды.


 Мәселен, 2022 жылы «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына такси – электр көліктердің жүруіне бұдан бұрын негізсіз тыйым салынған болатын.


Әкімдіктің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне шектеу қою туралы» қаулысына сәйкес, ауданда тұратын және (немесе) жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары және электрмен жүретін көліктер, коммуналдық қызмет көліктерінің жүруін қоспағанда, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көліктердің кіруіне шектеу қойылды.  


Кеңестің әр түрлі отырыстарында бұл мәселе үш рет көтерілді.


Нәтижесінде, Палатаның бастамасымен Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы «Медеу» саябағына ұсыныс енгізіп, оның қорытындысы бойынша, саябақ электрокөліктермен жүретін барлық таксопарктерге көлікпен жүруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.