Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы Күштер қатарын...

2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы Күштер қатарын толықтырды

Әлеумет 12.01.2023, 13:26 1,016
2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы Күштер қатарын толықтырды
Сурет: Министрлік

Қорғаныс министрлігінде әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығарылды.


Қорғаныс ведомствосында 2022 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың нәтижелері қаралып, биылғы жылдың негізгі міндеттерін айқындауға арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оған Бас әскери прокуратураның, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары қатысты.


Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы әскерге шақыру міндеттері орындалғанын және шақыру науқаны ұйымдасқан түрде өткенін алға тартты. 2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы Күштер, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қатарын толықтырды. Қазір олар әскери істің қыр-сырын үйреніп, Отан алдында борышын лайықты атқарып жүр.



– Жыл сайын Отан алдында өздерінің конституциялық міндеттерін орындайтын мыңдаған өрендер әскерге шақыру комиссияларынан өтеді. Ал әскери есепке алу процестерін цифрландыру, Қорғаныс министрлігінің eGov.kz платформасы арқылы қызметтер көрсетуі шақыру науқаны барысында артық бюрократияны, қағазбастылықты қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді, – деді генерал-лейтенант Марат Құсайынов.



Өткен жылы Қарулы Күштердің қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде жинау пункттері мен әскери бөлімдерге бару мүмкіндігі бар өкілдермен, сарбаздар аналарының комитетімен өзара іс-қимыл жолға қойылғаны атап өтілді. Бұл сарбаздардың туыстары мен жақындарына, олардың әскерге шақырылуынан бастап, әскери ұжымдарда ереже мен тәртіптің бар екендігіне жеке көз жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан әскерінің ахуалы жайлы теріс болжамдар мен деструктивті қауесеттердің алдын алуға мүмкіндік берді.


Әскерге шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жетілдіруді және бірлескен жүйелі жұмысты қажет ететін аспектілерге ерекше назар аударылмақ. Атап айтқанда, бұл әскерге шақырылушылардың денсаулығын оларды спорттық және әскери-патриоттық қызметке тарту арқылы мектеп кезінен бастап нығайту.


Одан өзге кеңес барысында Қорғаныс министрлігі Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес жастар арасында әскери борышын өтеуге ынтасын арттыру шараларын қабылдағанын атап өтті. Осылайша, Қорғаныс министрі 40-тан астам жоғары оқу орындарының ректорларымен келісім жасасты. Олар 2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткергендерге ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, оқуға түсу құқығын беруге әзір, ал қызмет барысында ерекше көзге түскендерге оқу орны есебінен гранттар беруге дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қарулы күштер #шақырту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.