конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 2021 жылы Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өскен

2021 жылы Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өскен

Экономика 16.06.2022, 06:49 1,618
2021 жылы Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өскен
Сурет: E-cis.info

Пандемияға дейінгі деңгейге оралды.


2021 жылы Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге оралғанын көрсетеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz cілтеме жасап.



«2021 жылы әлемдік экономика пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды. Жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсуі 6,1% құрап, 40 жылдан астам уақыт ішінде ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Өткен жылы Қазақстан экономикасы да 4,1%-ға өсіп, пандемияға дейінгі деңгейге оралды. Әлемдік экономиканың тез қалпына келуі шамадан тыс сұранысқа әкеп соқтырып, шикізат, материалдар мен азық-түлік бағасының қымбаттауына себепші болды. Бұл энергетикалық дағдарыспен бірге әлемнің көптеген елдерінде рекордтық инфляцияға әкелді», - деді Ғалымжан Пірматов Сенаттың жалпы отырысында.



Оның айтуынша, сыртқы факторлармен қатар жекелеген тауар нарығындағы ішкі теңгерімсіздік елдегі инфляциялық қысымды да күшейтті.



«Өткен жылдың бірінші жартысында инфляциялық процестердің тұрақтануына қарамастан, жылдың ортасынан бастап инфляция азық-түлік, шикізат пен материалдар бағасының жалпы әлемдік трендінің аясында жеделдей бастады. Жазғы кезеңде көкөніс нарығындағы теңгерімсіздік, жанар-жағармай және реттелетін қызметтер бағасының өсуі – ішкі проинфляциялық триггерлер болды. Осы жағдайда Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инфляцияны 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдады», - деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #экономика #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);