AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2021 жылдың соңына дейін Бостандық ауданында 17 ша...

2021 жылдың соңына дейін Бостандық ауданында 17 шақырым жол жөнделеді

Әлеумет 26.07.2021, 14:43 1,434
2021 жылдың соңына дейін Бостандық ауданында 17 шақырым жол жөнделеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

12 көшеге асфальт төселді, тағы төрт көше мен бір көлік аймағы кезекте тұр. Жалпы ұзындығы – 17 шақырым.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Алтай Рахымбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
 
Аудан басшысының айтуынша, 1 тамызға дейін төрт көшенің орташа жөнделуі аяқталады, 12-сі жөнделді.



«Үш учаскеде 663 метр тротуар желісі салынды және екі мекенжай бойынша тротуар салу жұмыстары жалғасуда. Саин-Торайғыров көшелеріндегі көлік аймағын жөндеу аяқталды», – деді Алтай Рахымбетов.
 



Бостандық ауданындағы жолдарды жөндеумен қатар, көше жарығын қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде.
 
Алтай Рахымбетовтың айтуынша, аудан әкімдігі Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен бірлесіп, биылғы жөндеу жұмыстары аясында 155 учаскені жарықтандыру бойынша жұмыстар басталды. 140 учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды (1 130 тірек және 4 526 шам орнатылды).
 



«1 қыркүйекке дейін қалған 15 учаскеде жарықтандыруды орнатуды аяқтаймыз. Қаланың Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қаланың жартылай жарықтандырылмаған көшелері мен аула аймақтарын жарықтандыруға қосымша жобалық-сметалық құжаттама дайындады. Аталған тізімде Бостандық ауданының 214 жартылай жарықтандырылған учаскелері мен 117 ауласы бар», – деді Алтай Рахымбетов.



Осы жұмыстардың арқасында Бостандық ауданы 100% жарықпен қамтамасыз етіледі.


Аудан аумағы көгалдандыру есебінен де өзгереді. Алтай Рахымбетовтың айтуынша, Jasyl Almaty бағдарламасы бойынша биылғы жылға жоспарланған 20 мың ағаш пен бұтадан 4 989 ағаш отырғызылды, оның 1 500-і бюджет  және 3 489-ы жеке тұлғалар мен ПКСК есебінен. Күзгі кезеңде 15 мыңға жуық ағаш отырғызылмақ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);