AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / №202 және №205 маршруттардың автобустары жаңартылд...

№202 және №205 маршруттардың автобустары жаңартылды

Әлеумет 01.12.2022, 04:51 1,103
№202 және №205 маршруттардың автобустары жаңартылды

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2 желтоқсаннан бастап №202 және №205 маршруттарға Foton маркалы жаңа автобустар шығарылатын болады.


Енді маршруттарда сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді. Автобустар табиғи газбен жүреді, пандуспен және ауа салқындатқышпен жабдықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.   



Бұған дейінгі автобустардың сыйымдылығы 70 адамға дейін болған. №202 маршрутта ЛиАЗ маркалы 15 автобус қызмет көрсеткен. Соңғы айларда жоспарлы шығу 40%-ға төмендегендіктен, 20 жаңа автобусты осы маршрутқа шығару туралы шешім қабылданды. Жылжымалы құрам жаңартылғаннан кейін, жүру жиілігі 14-15 минутты құрайды деп жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, "Сайран" автобекеті мен Қаскелең арасында қатынайтын маршруттың жолаушылар ағымы айына 160 мыңнан 400 мыңға артады деп күтілуде.  


Соңғы кездері  жоспар бойынша шығудың 50%-ы ғана қаматамасыз етіліп жүрген  №205 маршрутта 18 автобус қызмет көрсетті. Енді "Орбита" шағынауданынан "Жетісу" базарына қатынайтын маршрутта 25 жаңа автобус жолға шығарылып, жүріс интервалы 7-9 минутты құрайтын болады. 


Жолаушылар ағымы бұл маршрутта айына 300 мыңнан 500 мыңға өседі деп күтіліп отыр. 


Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатқандығын атап өткен жөн.  Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңмен шешімін табатын болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #маршрут #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);