Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

20 тамызға арналған ауа райы болжамы

Әлеумет 20.08.2024, 08:01 956
20 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Sn.kz

Қатты жел тұрып, жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың 20 тамызында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады", делінген "Қазгидромет" РМК ақпаратында.

Синоптиктер күндіз Атырау облысында қатты ыстық болатынын болжайды. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстаудың батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылы 20-22 тамыз аралығында республикалық маңызы бар қалаларда ауа райы қандай болатынын жариялаған болатын.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#найзағай #бұршақ #Дауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.