AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 2 маусымға арналған ауа райы болжамы

2 маусымға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 02.06.2022, 02:00 1,740 Almaty-akshamy
2 маусымға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнап, күшті тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдыңы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады.


Шымкентте найзағай ойнап, күшті жел тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістанда да найзағай ойнап, күшті жел тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метргежетіп, екпіні 23 м/с болады.
2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с.


Петропавлда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.


2 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Қызылордада 2 маусымда өрт қаупі сақталады.


2 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Өскемен 2 маусымда найзағай ойнады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с-ке жетеді.


Семейде 2 маусымда найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


2 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады.


Талдықорғанда 2 маусымда кей уақытта найзағай ойнайды.


2 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);