AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2 GIS қазақ тілінде сервисті тестілеуден өткізуді...

2 GIS қазақ тілінде сервисті тестілеуден өткізуді бастады

Әлеумет 17.04.2023, 18:23 1,187 Almaty-akshamy
2 GIS қазақ тілінде сервисті тестілеуден өткізуді бастады
Сурет: Ашық дереккөз

Қателіктер туралы хабарлама арқылы 2gis.kz сайтында қалдыруға болады


2 GIS қазақ тілінде тестілеу режимі арқылы карталар мен ұйымдардың анықтамалығын іске қосады. Оны геосервис параметрлерінде қосуға болады.  Сондай-ақ орыс тілі де республикадағы пайдаланушылардың таңдауы үшін қолжетімді болып қала береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұған дейін Қазақстандағы 2GIS қазақ тіліндегі интерфейс – мәзірлер, бөлімдер мен батырмаларды енгізген болатын. 2GIS қолданбасының көптеген пайдаланушылары мұны байқап та үлгерді. Енді карта деректері мен ұйымдардың анықтамалығы қазақ тіліне аударылды. Соның арқасында 2GIS жүйесінде Қазақстанның мемлекеттік тілінде дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдени мекемелерді, көрікті жерлерді және өзге де орындарды іздеуге және табуға болады. Анықтамалық деректер мен карталар республиканың 41 қаласы мен 1245 елді мекенінде аударылды. Мәселен, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында қолжетімді.



«Бастапқыда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары анықтамалық құрылымын аударуға көмектесті, содан кейін біз деректерді егжей-тегжейлі зерттеу үшін компаниядан тыс өзге де кәсіби аудармашыларды іске тарттық», - дейді 2GIS анықтамалық-картографиялық өндірісінің директоры Елена Толкачева. 



Қазақстандағы 2GIS кеңселерінің қызметкерлері де көп көмектесті. Қазір бірінші маңызды қадам жасалды. Қазақстанның ірі қалалары мен агломерацияларында анықтамалық пен карталар аударылды, біз жаңартылған сервисті ашық тестілеуді бастаймыз. Біз пайдаланушыларға кері байланыс үшін алғыс айтамыз, оны тікелей қосымшада немесе қателіктер туралы хабарламалар арқылы 2gis.kz сайтында қалдыруға болады. Мұндай хабарламалар қызметтің қазақ тіліндегі іздеу және өзге де функцияларын жақсартуға және болашақта аударманы толықтыруға көмектеседі». Қазақстандағы 2GIS-тің барлық бөлімдері мен деректері қазақ тіліне аударылмағанымен, олармен жұмыс жалғасу үстінде. Жақын арада іздеуді жақсартумен қатар, компаниялардың жеке кабинетінің аудармасы, сервис қызметі туралы техникалық сұрақтарға жауап бере алатын бөлімдер де өз жұмысын бастамақ.


2GIS-тің қазақ тіліндегі сынақ нұсқасы 2gis.kz сайтында және Қазақстандағы 2GIS мобильді қосымшасында қолжетімді. Оны келесідей қосуға болады:


Мобильді қосымшада:


- Мәзір → Баптаулар → Тіл тармағын ашып, қазақ тілін таңдаңыз. Таңдағаннан кейін қосымшаны қайта іске қосу керек болады - жай ғана жауып, мобильді құрылғыда оны қайта қосыңыз.


2gis.kz сайтында:


Мобильді құрылғыда – интернет-браузерде:


- Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Мәзір белгішесін басыңыз (үш көлденең жол), ашылатын беттің төменгі жағындағы тілді таңдаңыз.


Ноутбукте немесе компьютерде:


- Экранның төменгі оң жағындағы Ru → Kz тілін ауыстыру түймешігін басыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#2 GIS #қазақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);