AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасын дамыту б...

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасын дамыту бағыттары мен басты міндеттері айқындалды

Барлығы 28.01.2026, 11:20 559
№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасын дамыту бағыттары мен басты міндеттері айқындалды
Алматы әкімдігі

24 қаңтарда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасына жұмыс сапары барысында 2025 жылғы медициналық қызмет көрсетудің есебін тыңдап, одан әрі дамудың негізгі басым бағыттарын белгіледі.

Есепте клиникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық көрсеткіштер толық ұсынылды. Марат Пашимов медициналық-санитарлық алғашқы көмек пен балалар стационарларының өзара іс-қимылын күшейту, жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, пациенттердің қанағаттанушылығын жоғарылату және шағымды азайту жұмыстарын жүйелендіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, балаларға сапалы және қолжетімді стационарлық көмек көрсетудің маңызына тоқталды. 

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы жоспарлы, шұғыл, оңалту және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін жетекші медициналық ұйым саналады. 2025 жылы стационарлық көмек көлемі 4,3%-ға, жоспарлы емдеуге жатқызу 2,3%-ға артты. Бір жыл ішінде 3 500-ден астам ота жасалып, 20-дан астам инновациялық емдеу әдісі енгізілді, олардың бір бөлігі Қазақстанда тек осы ауруханада қолданылады. Жабдықтармен қамтылу көрсеткіші – 98,08%, кадрлық қамтамасыз ету – 99%.

2026 жылы аурухананың басты басымдықтары ретінде хирургиялық белсенділікті арттыру, салалық кафедралармен өзара іс-қимылды дамыту, жаңа корпус құрылысының мониторингін жүргізу, 15 орындық паллиативтік бөлімше ашу, алты құзыреттілік орталығын құру және ЭЭГ-ті автоматты түрде түсіндіру үшін ZiyatronAI жүйесін енгізу көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша Марат Пашимов құзыреттілік орталықтарын дамыту, паллиативтік көмекті оңтайландыру, халықаралық ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейту, медициналық туризмді дамыту, инновацияларды енгізу және клиниканың инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аурухана #Клиникалық аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);