Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2 айда 2 мыңға жуық отандасымыз елден кеткен

2 айда 2 мыңға жуық отандасымыз елден кеткен

Әлеумет 14.04.2023, 11:35 1,018
2 айда 2 мыңға жуық отандасымыз елден кеткен
Сурет: Delfi.lt

Олардың көбі жұмыс іздеп шыққан.


Биыл Қазақстаннан сыртқа 2 мыңға жуық отандасымыз қоныс аударған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Бірі – жалақысы жақсы жұмыс іздесе, енді бірі тұрақтап қалуды мақсат еткендер.


Шетел шекарасын асатындардың көбі жастар екен. Тіл білетін болған соң, елдегі жалақы олардың оң жамбасына келе бермейтін көрінеді. «Ал бұлай жалғаса берсе, елден кетудің кері әсері көп»дейді мәжілісмен Асхат Аймағамбетов. Депутат бұл жағдайдың бірнеше себебі бар деп пайымдады. Біріншіден, күнкөріс, табыс мәселесі болса, екіншіден, еліктеушілік.



«Бізде сұраныстағы мамандарды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш жұмсайтыны белгілі. Мұғалім, дәрігерлерге қазір барлық жағдай жасалып жатыр. Сұраныстағы кадр ел экономикасына, оның өсуіне өз көмегін тигізеді. Ал тап осы мамандық иелері шетелге кететін болса, бұл – үлкен шығын. Қазақстандықтардың өзге мемлекеттерге көшуге бейім болуын жан-жақты саралау керек», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.



Ресми дерекке сүйенсек, биыл 2 айда елден 2 мыңға жуық отандасымыз сыртқа кетіпті. Олар Ресейге, ал 20 пайыздан астамы Германияға қоныс аударыпты. Қалған қазақстандықтар Польша, АҚШ, Өзбекстан және Беларусь еліне табан тіреген.



«Тұрақты тұру үшін эмиграция бойынша негізгі мемлекеттер, бірінші - ол Ресей. Онда шетелге кеткендердің 62 пайызы осы мемлекетке тиесілі. Германияға 21 пайыз жерлесіміз қоныс аударды» – деді Ұлттық статистика бюросының сарапшысы Бибігүл Мирасбек.



Жыл сайын елден кеткен азаматтардың саны артып барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 24 мыңға жуық адам шет мемлекетке тұрақты тұруға көшіпті. Ал екі жыл бұрын республиканы 32 мың отандасымыз тастап кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #қоныс #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.