ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 18 тамызда ауа райының бұзылуынан бірнеше өңірде е...

18 тамызда ауа райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Әлеумет 18.08.2022, 02:19 1,006
18 тамызда ауа райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жарияланды
сурет: 24.kz
Синоптиктер ескертуі

Синоптиктер ескертуі


18 тамызда ауа райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-шығысында түнде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с артады. Облыстың батысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз өңірдің орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
18-20 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында күші 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.