AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 18.04.2022, 02:02 1,733
18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Елдің оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.


18 сәуірде Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлеріне оңтүстік циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайд Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Елдің оңтүстігінде, онымен қоса найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Барлық өңірде жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман байқалады. 


Атап айтқанда, күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста шаңды дауыл тұрып, солтүстікте, батыста, таулы, тау бөктерлі аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.


Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады. Таңертең және күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанады.


Күндіз Жамбыл облысының тауларында найзағай, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.


Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с дейін жетеді.


Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.


Атырау, Қостанай облыстарының батысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #жел #найзағай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);