AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша...

18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады?

Әлеумет 14.02.2023, 11:55 1,492
18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады?
Сурет: 24.kz

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында баланың шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады.


Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


"Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысының 50%-і 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады.


Сәби дүниеге келген кезде Әділет министрлігінің Жеке тұлғалардың деректері базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық табысы баланың шотында 1 қаңтарда аударылып тұрады.



"Жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс теріс мәнде қалыптасуы мүмкін екенін ескеріп, инвестициялық табыстың ставкасын өткен жылдардағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарланып отыр. Болжамдық бағалаулар бойынша мұндай әдіс бағдарламаға туған сәттен бастап қатысқан балаға 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде 18 жыл сайынғы төлем алуға мүмкіндік береді", - деді Темірбеков Сенатта өткен отырыста.



Ұлттық банк Ұлттық қордың өткен жылдардағы орташа кірісін ескеріп, инвестициялық табыстың 50%-ын есептейді.



"Инвестициялық табыстың ставкасын 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылып отыр. Сонда баланың (18 жасқа толғанда) жинаған сомасы 3500 долларды құрайды деп болжанып отыр", - деді вице-министр.



Қазақстандық 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестицияланады. Жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #қаржы #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);