ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 17 миллионнан аса адам халық санағына қатысты

17 миллионнан аса адам халық санағына қатысты

Әлеумет 26.10.2021, 08:12 1,227
17 миллионнан аса адам халық санағына қатысты
Сурет: Egemen.kz
Жалпыұлттық халық санағы

Жалпыұлттық халық санағы


Қазақстандықтардың 91,6% немесе 17 428 058 адам Жалпыұлттық халық санағына қатысты. Азаматтардың 40,4%-і санақтан онлайн, 51,2%-і офлайн өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда санаққа қатысқандар қатары бұған дейін тіркелген халық санына шаққанда 107,5% құраған. Яғни, қолда бар мәлімет бойынша, Алматы тұрғындарының саны 2005496 деп көрсетілген. Ал санақ сауалдарына 2154907 адам жауап берген. Демек, халық санағы қазірдің өзінде мегаполис халқының нақты санын көрсетуге көмектесетінін сеніммен айта аламыз», - деді бюро басшысы.



Екінші орында - Түркістан облысы, онда халық санағына 98,6% немесе 2032333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы, мұндағы санақтан өткендер саны халықтың 98,6%-ін немесе 1129863 адамды қамтиды.


Бір айта кетерлігі, санаққа онлайн қатысуда Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытты. Мұнда санақтың 57,7% жаңа форматта өтті. Екінші орында 52,9% көрсеткішпен Қызылорда облысы тұр. Көшбасшылар үштігін Жамбыл облысы түйіндейді, онда тұрғындардың 47,2% халық санағына онлайн қатысты.


Дәстүрлі форматтағы санаққа қатысудың ең жоғары көрсеткіші Алматыда тіркелген – тұрғындардың 76,1%-ы пәтерлерді аралау кезінде санақтан өткен. Екінші орында – 69,6% көрсеткішпен Шымкент, ал үшінші орында – Алматы облысы, онда тұрғындардың 60%-ы халық санағына қатысудың дәстүрлі форматын таңдаған.



«Осы Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында сауалнама мәресіне жеткен. Халық санағы аясында мәліметтер жинау жұмысы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында аяқталды. Ал Павлодар облысының 8 бірдей ауданы (Ақтоғай, Железин, Ертіс, Тереңкөл, Аққулы, Май, Успен, Шарбақты) санақ аясында сауалнама жүргізу шараларын бітірді»,- деді Нұрболат Айдапкелов.



2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтіп жатыр. Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.