Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 16-35 жас аралығындағылар жұмысты көп іздейді екен

16-35 жас аралығындағылар жұмысты көп іздейді екен

Әлеумет 15.06.2023, 09:25 1,055
16-35 жас аралығындағылар жұмысты көп іздейді екен
almaty-akshamy.kz

Мамыр айында жұмыс берушілер ЭЕБ-да 95 мыңға жуық бос жұмыс орнын орналастырды












2023 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында 94,9 мың бос жұмыс орны және 74,5 мың түйіндеме орналастырылды. Сәуірмен салыстырғанда бос орындар саны 10,5% – ға (+9 мың), ал түйіндеме 0,9% - ға (+628) өскен, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Есепті айда ЭЕБ-да еңбек ресурстарының жетіспеушілігі 20,4 мың бірлікті немесе орналастырылған бос лауазымдардың жалпы санының 22%-ын құрады. Бұл ретте өңірлердің географиялық орналасуы тұрғысынан кадрлардың профициті алдыңғы айдағыдай оңтүстік облыстарда, атап айтқанда Шымкент қаласына (түйіндеме саны бос орындар санынан 2,4 мыңға немесе 78% - ға асып кеткен) және Түркістан облысына (5,1 мыңға немесе 76% - ға) байқалды.



Мамыр айында бос орындар саны мен түйіндеме айырмашылығының жалпы республикалық көрсеткішіне Қарағанды облысы (бос орындар түйіндемеден 5,6 мың бірлікке асып, жұмысқа орналасуға қолжетімді орындардың жалпы санының 65%-ды құрады) және Ұлытау облысы (бос орындар түйіндемеден 646 бірлікке асып түсті, бұл өңірдегі жалпы қажеттіліктің 46% - на сәйкес келеді) барынша әсер етті.



Еңбек нарығында ең сұранысқа ие және тапшы кадрлар автомобиль жүргізушілері (1,9 мың бос жұмыс орны және 1,5 мың түйіндеме), күзетшілер (1,6 мың бос жұмыс орны және 889 түйіндеме) және тәрбиешілер (1,5 мың бос жұмыс орны және 810 түйіндеме) болып қала береді. Сәуір айымен салыстырғанда медицина қызметкерлеріне (1,6 мың бос жұмыс орны және 1 мың түйіндеме) және байланыс орталығының операторларына (1,9 мың бос жұмыс орны және 11 түйіндеме) сұраныстың артуы байқалады.


Жұмыс іздеушілердің арасындағы ең белсенді топ дәстүрлі түрде 16-35 жас аралығындағы жастар болып қала береді.



Мамыр айында жұмыс берушілер АКТ жобаларының менеджерлеріне (1,2 млн теңгеден бастап) және жаңа өнімдерді әзірлеу жөніндегі жоба жетекшілеріне (1 млн теңгеден бастап) – яғни біліктілік талаптары мен құзыреттерінің ұқсас жиынтығы бар бос лауазымдар үшін ең жоғары жалақыны ұсынуға дайын болды. Айта кету керек, ЭЕБ-да үміткерлердің 5,3% - ы қажетті жалақы мөлшерін көрсетпеуді жөн көреді.



Жалпы мамыр айында сәуірмен салыстырғанда еңбек нарығы егіс науқанының аяқталуына байланысты ауыл шаруашылығы саласының мамандарына сұраныстың төмендеуімен сипатталады. Байланыс орталығының операторлары арасында кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуға арналған басқа онлайн-платформаларға ауысуымен де, COVID-19 пандемиясы кезеңінен бері байқалған қашықтағы кәсіп қызметкерлеріне сұраныстың артуының Дүниежүзілік трендімен де байланысты болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамыр #жұмыс #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.