Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 150 ерекше бала инклюзивті кабинетпен қамтылды

150 ерекше бала инклюзивті кабинетпен қамтылды

Әлеумет 05.07.2024, 19:18 902
150 ерекше бала инклюзивті кабинетпен қамтылды
Қордың баспасөз қызметі

Мұғалімдер де қажетті дайындықтан өтеді , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Самұрық-Қазына» инклюзияны қолдау кабинеттері 150 ерекше балаға білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Қор қолдауымен 1 қыркүйекке қарай Астананың 5 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады. Тиісті сыныптар «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонында жиналған қаражатқа жабдықталады.

Жоба Астана қаласының бес оқу ордасын, яғни №22, №36, №59, №76, №97 мектептерін қамтып, 150-ге жуық балаға қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік береді. Дәл осы мектептерде ерекше қажеттілігі бар балалардың саны көп және құрал-жабдық пен әдістемелік жәрдемге мұқтаж. Сыныптар болса, төрт бөлек бөлмеден тұрады: логопед, дефектолог, психолог кабинеттері және қыш шеберханасы. Сонымен қатар, әр мектепте жеке емдік дене шынықтыру кабинеті болады. Мұғалімдер де қажетті дайындықтан өтеді.

Бүгін, 5 шілде, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева барлық мектепті аралап, жөндеу жұмыстарының және басқа да ұйымдастыру-әзірлік жұмыстарының барысымен арнайы танысты.

«Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудағы маңызды қадам болмақ. Жаңа сыныптардың арқасында қандай да бір ерекшелігіне қарамастан барлық балаға оқуға бірдей жағдай жасалады. Осылайша, Қор Білім басқармасымен бірлесіп, инклюзивті қолдау кабинеттері үшін инфрақұрылымның жаңа үлгісін әзірледі. Мысалы, олардың аумағы 60-70 шаршы метрден кем болмауы керек. Мектептерде жөндеу және басқа да сыныптарды ашуға дайындық жұмыстары басталып кетті», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» жетекшісі.

Еске сала кетсек, 1 маусымда өткен «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам адам қатысып, 125 миллион теңге жиналды.

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзив #кабинет #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.