AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 15 қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады

15 қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады

Әлеумет 13.09.2022, 03:49 1,317
15 қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады
Сурет: Ашық дереккөзі

85 мыңнан астам адам әлі декларацияны тапсырмаған


Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына 3 күн қалды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.


Оны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар декларация тапсыру міндетті.



«2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы  декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты», - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.



Егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бәр рет ескерту жасайды. Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#декларация #салық #мүлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);