AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 15 қап ит өлексесі: Талғардағы оқиғаға министрлік...

15 қап ит өлексесі: Талғардағы оқиғаға министрлік түсінік берді

Оқиға 16.08.2022, 14:30 1,266 Almaty-akshamy
15 қап ит өлексесі: Талғардағы оқиғаға министрлік түсінік берді
Сурет: Оrtcom.kz

Мамандар Талғарға барды


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Талғар қаласында иттің өлекселері бар 15 қаптың табылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Алматы облысындағы жағдай бойынша біздің мамандар Талғарға барды. Олар әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Өлекселер талапқа сай жойылып, материал полицияға берілді. Кінәлілер тиісті жазасын алады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, жануарларды қорғауға арналған заң аясында тиісті актілер қабылданды. Сол сияқты биологиялық қалдықтарды жою аталған ведомствомен келісілді.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласында 15 қапқа салынған иттердің өлексесі табылғаны туралы ақпарат тараған еді.
Рүстем Құрманов бүгінгі брифинг барысында, сондай-ақ елімізде ветеринария саласын реформалаудың жол картасы бекітілгенін мәлім етті. Бұдан бөлек, ветеринария қызметін әкімдіктерден министрлік құзыретіне қайтару мәселесі, ветеринар дәрігерлердің жалақысын көтеру шаралары айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Талғар #жануарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);