Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тір...

147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелген – Ләззат Ибрагимова

Әлеумет 16.11.2022, 13:00 1,194
147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелген – Ләззат Ибрагимова
Сурет: Ашық дереккөз

6,3 млн адамның меншігінде үй бар


Қазақстанда 5,6 млн адамның бір басында бір пәтерден бар. «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Стратегиялық бастамалар формуында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының деректері бойынша, 2021 жылдың аяғында 6,3 млн адамның меншігінде үй бар. 19 млн халық бар десек, соның ішінде 6,3 млн деген жаман статистика емес. Егер бізде 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар десек, 60 пайызының меншігінде үй бар болып шығады. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш. Егер құрылымына зер салсақ, 5,6 млн адамның бір басында жалғыз баспана бар. Журналистер менен «Отбасы банк» төрағасы ретінде «Бір басында екіден көп пәтер бар неше адам бар?» деп ылғи сұрайды. Қазақстанда ондай 717 мың адам бар. Бұларды орта санатқа еркін кіргізуге болатын шығар» -деді» Отбасы банк» басшысы.



Сондай-ақ, бір басында екіден артық баспанасы бар адамдардың құрылымына талдау жасалды.



«Яғни, екіден көп пәтері бар. Оның ішінде 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар. Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген», - деді Ләззат Ибрагимова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #мүлік #Ибрагимова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.