AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1414 SMS-кодтары енді қолданылмайды

1414 SMS-кодтары енді қолданылмайды

Әлеумет 11.12.2025, 09:31 1,115
1414 SMS-кодтары енді қолданылмайды
Сурет: AndroidInsider.ru

Қазақстанда 1414 қысқа нөмірі арқылы жіберілетін SMS-кодтар енді мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолданылмайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп қауіпсіздікті күшейтіп жатыр.
Жаңа ережелер интернет алаяқтардан сақтану мақсатында енгізіледі. Бұрын кейбір мемлекеттік сервистерге бір реттік SMS-код арқылы кіру мүмкіндігі болған.

Алайда 1414 хабарламасы арқылы жеке деректерді ұрлау қаупі жоғары. Сол себепті ақпараттық жүйелердің иелеріне SMS-кодтарды қолданбай, қолжетімділік ережелерін қатаңдату тапсырылды.

Енді мұндай жағдайды болдырмау үшін 1414 SMS-шлюзін қолданатын барлық ақпараттық жүйелерге кіру тәртібі қатаңдады.

Бұл процесстер тек биометриялық аутентификация, электрондық цифрлық қолтаңба немесе eGov QR-коды арқылы ғана жүзеге асады. Биыл желтоқсаннан бастап көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.

Бұған дейін министрлік 1414-тен келетін кодтың несие рәсімдеуге тікелей қатысы жоқ екенін ескерткен. Бұл – тек психологиялық айла. Алаяқтар SMS-кодты сенімге кіру үшін пайдаланады. Соның салдарынан ақпарат ұрланып, микрокредит рәсімдеуге қолданылуы ықтимал, – дейді жауаптылар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1414
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);