AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 14 жасар Мейрамбек әуелетіп доп тебуден әлем рекор...

14 жасар Мейрамбек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін

Спорт 09.01.2025, 08:05 1,124 dulatbekova
14 жасар Мейрамбек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін
Сурет: видеодан скрин

Түркістан облысында тұратын 14 жасар жеткіншек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін.

Қазығұрттық Мейрамбек Сілеусінов допты жерге түсірмей, 7994 рет тепті, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт сарапшылары бұл әлемдегі ең жоғары   көрсеткіш деп отыр. 

Әуелете доп тебуден Ордабасы футбол академиясы ұйымдастырған сайыста Мейрамбек өзінің ғана емес, әлемдегі аяқ доп шеберлерінің рекордын жаңартты. Бұған дейін әуелете доп тебуден ең үздік көрсеткіш брзилиялық әйгілі футболшы Роналдиньоға тиесілі болған. Ол допты жергі түсірмей 7432 рет тепкен. Ал Мейрамбектің көрсеткіші 7994.    

Мейрамбек Тойлыбаев, оқушы:

- Мен жарысқа 1 аптадай дайындалдым. Азанда сабаққа кетемін түсте келем. Күнде 2-3 мың ұрып тұрамын. Жарысқа барып қорқыныш ешқандай сезім болған жоқ. 8 мыңды істеймін дедім, кейін бас жүлдені алдым.

Мейрамбектің ала допты  серік еткеніне 3 жылдан асты. Оны спорттың бұл түріне  ағасы Бекарыс баулыған. Ол інісінің ерекше қабілетке ие екенін байқап күн сайын бос уақытында топ тебуді   үйреткен.

Бекарыс Тойлыбаев, Мейрамбектің ағасы:

Мейрамбек өзі жастайынан допқа құмар болып ойнап өсті. Бірте-бірте қызығушылығын байқадым. Байқағаннан кейін әрмен қарай қызығушылығын ояту мақсатында профессионалный доптар алып дайындығын күшейте бастадық.

Мейрамбектің рекорды әзірге құжат жүзінде бекітілмеген. Бірақ оның 3 сағатқа жуық допты түсірмей тепкенін дәлелдейтін видеолары бар. Егер рекордтар кітабына енгізу үшін қайта доп тептірсе оған да дайын. Ал оқушының осы көрсеткішіне қарап оны үлкен футбол клубтары шақырта бастаған. 

Арман Пірманов, Ордабасы футбол академиясының өкілі: 

Біздің ойымыз қазір бұл баланы ауданнан алып келу керек. Ағасына да айттық. Енді ағасы жақында қалаға көшіп келіп осы жаққа інісін алып келеді Шымкентке. Содан кейін біз академияға алып барамыз. Ол жерден жақсы ойнап кетіп жатса өзіміздің Ордабасыға алып кетеміз. Ары қарай жататын жерін де, тамағын да барлығын Ордабасы, Оңтүстік академия төлейді.

8-сыныпта оқитын Мейрамбек болашақта Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ойнауды армандайды. Сонымен қатар әуелете доп тебуден өз рекордын 10 мыңға жеткізіп, әлемде бірінші болуды қалайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#доп тебу #Рекорд #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);