ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / 12 қараша – дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

12 қараша – дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

Медицина 12.11.2021, 08:46 1,908
12 қараша – дүниежүзілік пневмониямен күрес күні
Сурет: Minber.kz
Пневомонияға ырық бермеу үшін жақсы тамақтанып, иммунитетті көтеру керек

Пневомонияға ырық бермеу үшін жақсы тамақтанып, иммунитетті көтеру керек


Пневмония – өкпенің инфекциялық ауруы, бұл дертке көбіне балалар, қарттар мен иммундық жүйесі әлсіреген адамдар шалдығады. Пневмонияны микроорганизмдердің әртүрлі түрлері тудыруы мүмкін.


Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні  (World Pneumonia Day) жыл сайын 12 қараша күні атап өтіледі.


Бұл дүниежүзілік күн күнтізбеде балалар пневмониясына қарсы Жаһандық коалицияның бастамасымен пайда болған. Халықаралық, үкіметтік, үкіметтік емес және жергілікті ұйымдардың, қорлар мен белсенді азаматтардың ұйымы осылай аталады. Коалиция пневмония мәселесіне мемлекет қайраткерлерінің, денсаулық сақтау мамандары мен потенциалды донорлардың назарын аударуға тырысады.


Осы мақсатқа жетуде көмектесетін құралдардың бірі – дүниежүзілік пневмониямен күрес күні.  


Сонымен қатар, 2009 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп «Пневмонияның алдын-алу және онымен күресу жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын» жариялады. Бұл жоспардың мақсаты - балаларды қорғау, аурудың алдын-алу және емдеу бойынша аралас шаралар арқылы пневмониямен күресті жандандыру.


Пневмониядан бірінші кезекте, балалар зардап шегеді. Бұл ауру бүкіл әлемде кәмелеттік жасқа толмағандардың өлімінің басты себебі болып отыр. Жыл сайын осы дерттің салдарынан бес жасқа дейінгі 1,1 миллион баланың өмірі қыршыннан қиылады екен. Бұл СПИД, безгек және қызылша ауруларын қоса алғандағы есептен көп.


Пневмония кең таралған, бірақ Оңтүстік Азия мен Африкадағы балалар одан көп зардап шегеді. Алайда, бұл аурудың алдын өте қарапйым шараларды ұстану арқылы алуға болады, мысалы, иммундау және жақсы тамақтану. Сондықтан әлем назарына пневмонияны жиі еске түсіру және адамдарды ауруды тоқтата алатын әрекеттерге: ақпарат тарату, билік органдарымен өзара әрекеттесу, иммундау үшін қайырымдылық жасауға шақыру өте маңызды. Дүниежүзілік пневмониямен күрес күнінде дәрігерлер мен еріктілер белсенді айналысады.


Айтпақшы, пневмония дертіне бей-жай қарамайтындар, кем дегенде, көк джинсы киіп, оларға тілектестігін білдіре алады. Бұл киім Дүниежүзілік пневмониямен күрес күнінің символына айналды. Өйткені, көк түс - бұл аспанның түсі, тазалығы және пневмонияны көпшіліктің  күш-жігермен азайтуға болады деген үміт.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,263 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.