Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 12 мың адам кәсіп бастау үшін мемлекеттік грант ал...

12 мың адам кәсіп бастау үшін мемлекеттік грант алды

Әлеумет 26.10.2022, 05:03 1,054
12 мың адам кәсіп бастау үшін мемлекеттік грант алды
almaty-akshamy.kz

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 533,1 мың адам қатысты. Олардың арасында  345,1 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 224,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 12,5 мың адам жіберілді.


Өз кәсібін бастау үшін 12 мың адам мемлекеттік грант алды.


Субсидияланатын жұмыс орындарына 152,6 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,6 мың, жастар практикасымен 25,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 107,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 425 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,2 мың адам жұмыспен қамтылды.


Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 105,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. 


Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.


Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытылды.  


Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға көшірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #азаматтар #Кәсіп #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.