ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 10,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесі...

10,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін жаңа шарттар бойынша алды

Әлеумет 22.07.2024, 12:33 959
10,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін жаңа шарттар бойынша алды
Сурет: Gov.kz
«Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің бес негізгі шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің бес негізгі шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді.

Оларды іске асыру шеңберінде өткен кезеңде қандас мәртебесі 10 563 этникалық қазаққа берілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Кандас мәртебесі келесі шарттарды ескере отырып:

– қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыру үшін (еңбек тапшылығы бар өңірлер);

– демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерациялар мен ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қоныстандыру үшін;

– тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен (немесе егер өтініш беруші тұрғын үй иесі болып табылмаса, оның тұруына туыстарының нотариат куәландырған келісімін берумен) өтініш берушінің өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары болып табылатын отбасымен және/немесе жақын туыстарымен (туыстығын растай отырып) қайта қосылуы үшін;

– жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін (алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып) не тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар этникалық қазақтар қатарындағы дара кәсіпкерлер үшін;

– Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін (оқу орнынан анықтаманы қоса берген кезде) беріледі.

Жаңа тәсілдер іске асырылған сәттен бастап еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныстану үшін 3296 этникалық қазақ (1374 отбасы); агломерациялар аумақтарында және ауылдық елді мекендерде қоныстандыру үшін – 948 адам (475 отбасы); отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін – 5655 адам (2843 отбасы); бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілердің шақыруы бойынша орын – 593 адам (295 отбасы); жоғары оқу орындарының студенттері ретінде – 71 адам (69 отбасы) қандас мәртебесін алды.

Естеріңізге сала кетейік, этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясат еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап іске асырылуда. Осы жылдар ішінде Қазақстанға 1 млн 137,1 мыңнан астам адам оралып, қандас мәртебесін алды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.