ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 100-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды

100-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды

Заң мен тəртіп 03.07.2024, 08:49 679
100-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды
polisia.kz
Өйткені олар балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат берген.

Өйткені олар балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат берген.

Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған.

Жалпы самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері 4 800 мопед жүргізушісі және 5 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың екі дөңгелекті көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады.

"100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді", деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

"Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар жалғасуда. Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген", - дейді Серік Шумаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.