AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 тамызда Алматыда "Мектепке жол" республикалық ак...

1 тамызда Алматыда "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады

Әлеумет 28.07.2022, 10:46 1,135
1 тамызда Алматыда "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады
Сурет: Kurskcity.ru

Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.


Биыл Алматы қаласының мұқтаж отбасыларынан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсету үшін әкімдік мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсетеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Биыл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады және "Мектепке жол - Шекарасыз Жақсылық" ұранымен өтеді. Ол аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған. 



"Қазірдің өзінде мектептерде оқушыларға оқу жылына дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін жедел желілер, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды", - деп хабарлады басқарма басшысы. 



Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, меценаттарды, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөлімдеріне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады. 


Жедел желі байланыстары хабарландыруда Алматы қаласы білім басқармасының сайтында көрсетілген.


- Алатау ауданы бойынша: 87006131198.


- Алмалы ауданы бойынша: 87470448553.


- Әуезов ауданы бойынша: 87025395397.


- Бостандық ауданы бойынша: 87772806650.


- Жетісу ауданы бойынша: 87472940554.


- Медеу ауданы бойынша: 87759194000.


- Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498.


- Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814. 


Сөз соңында Ләззат Жылқыбаева журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қазіргі уақытта 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сыныптарының барлық оқушыларын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Сонымен қатар, мемлекеттік мектептердің оқушылары қайтарымды негізде 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етілетінін, ал 2-сынып оқушылары жаңа оқулықтар алатынын нақтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #меценат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);