AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері м...

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама іске қосылады

Білім және ғылым 12.03.2025, 15:16 846
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама  іске қосылады
Сурет: Gov.kz
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы енгізіледі.
 
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Қазіргі уақытта бағдарлама еліміздің 9 өңірінде пилоттық режимде сыналуда. Оған 70 мыңға жуық оқушы мен 5 мыңнан астам педагог қатысуда.
 
«Бұл бастама оқушылардың дау-жанжалдарға конструктивті түрде жауап беру дағдыларын қалыптастыруға, әлеуметтік-эмоционалдық қабілеттерін дамытуға, тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастарды оңтайландыруға, сондай-ақ балалардың жалпы психологиялық әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін және толыққанды дамитын ортада білім алуына жағдай жасау – аса маңызды қадам», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
 
Бағдарлама пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатқан өңірлерде барлық қатысушыларға арналған оқыту курстары мен практикалық шаралар ұйымдастырылуда. Олар буллингтің алдын алу, қақтығыс жағдайларының себептері мен факторларын анықтау, сондай-ақ оларды шешу жолдарын түсіндіруге бағытталған.
 
Сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған іс-шаралар өткізу көзделген, онда «ДОСБОЛLiKe» бағдарламасының мақсаты мен іске асыру әдістері түсіндіріледі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДОСБОЛLIKE #антибуллингтік бағдарлама #іске қосу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);