ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 1 қазан күні Қазақстанда дәстүрлі форматтағы халық...

1 қазан күні Қазақстанда дәстүрлі форматтағы халық санағы басталады

Әлеумет 01.10.2021, 04:00 1,157
1 қазан күні Қазақстанда дәстүрлі форматтағы халық санағы басталады
Сурет: Lada.kz
1 қазан күні Қазақстанда дәстүрлі форматтағы халық санағы басталады

1 қазан күні Қазақстанда дәстүрлі форматтағы халық санағы басталады


Ұлттық халық санағы республика бойынша он жылда бір рет өткізіледі. Биылғы санақ еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Биылғы санақтың басты жаңашылықтарының бірі – санақтың дәстүрлі және онлайн форматта өтуі болды. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимде өздігінен сауалнама парақтарын толтыру мүмкіндігі болады. Жүйе тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады, респонденттер санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдай алады, сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыра алады.


Одан басқа, Egov платформасында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы, sanaq.gov.kz сайты арқылы санақтан өтуге болады. Sanaq.gov.kz жүйесі тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады.


Ал дәстүрлі ұлттық санақ онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындар үшін 1-30 қазан аралығында өтеді. Дәстүрлі санақтың жаңашылықтары – интервьюердің электронды планшеттерді пайдалануы, заманауи цифрлық технологияның енуі мен үрдістердің автоматтануы болмақ. Бұл деректер сапасына адам факторының ықпалын азайтады және деректердің базаға толық енуіне мүмкіндік береді.


Халық арасындағы сауалнама жүргізетін интервьюерлер үшін міндетті талап – жеке басын куәландыратын құжат пен бейдждің болуы, суреті, аты-жөні, берілген күні, қолдану мерзімі аумақтық статистика органының қолымен және мөрімен расталған болуы тиіс. Халық санағы белгісі бар көк түсті шарф пен портфель болуы керек.


Санақ барысында республика тұрғындары үшін 1446 бірыңғай колл-орталығы жұмыс істейді. Оған стационарлық және ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін. Соңғы мәліметтер бойынша, санақтан онлайн өткендер қатары 6 миллионнан асты. Түркістан облысы көш бастап тұр. Халық санағы арқылы халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы туралы маңызды мәліметтерді жинауға болады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.