ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қандай салық жеңі...

1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қандай салық жеңілдіктері ұсынылды?

Әлеумет 21.01.2022, 12:50 1,184
1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қандай салық жеңілдіктері ұсынылды?
inform.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген бизнесті қолдауға бағытталған жаңашылдықтарды атады, деп хабарлайды...

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген бизнесті қолдауға бағытталған жаңашылдықтарды атады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және қайта бастау шарасы күшіне енді. Егер салық борыштары толық төленген болса, банктер жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес қайта бастауға құқылы», - деді комитет төрағасының орынбасары.



Оның сөзіне қарағанда, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «E-Salyq Виѕіпеѕѕ» мобильді қосымшасы негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнайы салық режимі енгізілген.


Бұл қосымша жекелеген рәсімдерді жүзеге асыруды жеңілдете отырып, салық міндеттемелерін орындаудағы проблемалардың бір бөлігін шешуге мүмкіндік беремек.



«Қосымшаның функционалы жеңілдетілген тәртіппен жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чектер беруге, салық төлеушінің кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыруға, салықтарды және әлеуметтік төлемдер бойынша, оның ішінде қызметкерлер бойынша міндеттемелерді есептеуге, тіркеу және кірістер туралы анықтамаларды, мемлекеттік кірістер органдары жіберетін хабарламаларды алуға мүмкіндік береді», - деді Қайрат Миятов.



Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығын төлеушілерді базадан шығарудың оңайлатылған тәртібі жұмыс істей бастады.


«Бұрын қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырмаған, бірақ қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған қосымша құн салығын төлеушілер өз өтініші бойынша салықтық тексеру рәсімінен өткен болса, бүгінде жою рәсімі тек камералық тексеруге дейін азайтылған.


Бизнес субъектілерін қолдау үшін шағын көлемді фургондардың көлік салығына қатысты түзету қабылданды.


Мұндай санат бойынша көлік құралдарына салынатын салық жүк көтеру көлеімне қарай есептелетді. Бұрын қозғалтқыштың көлеміне қарай есептелген», -деді комитет өкілі.


Қайрат Миятов қоймаларға қатысты салықтық реттеу мәселесі болғанын еске салды.



«2022 жылдың 1 қаңтарына дейін меншік құқығында тіркелген қоймалары бар жеке тұлғалар жыл сайын төлейтін салық мөлшерін өз бетінше есептеп, Мемлекеттік кіріс органына жеке салық декларациясын өктізуге міндетті болған. Осы мәселе бойынша Салық кодексіне енгізілген түзетулер жұмысты жеңілдетті.


1 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» салық органына осындай қоймалардың бағалау құны туралы мәліметтерді береді. Комитет мүлік салығын осы мәлімет бойынша есептеп, пәтерлердің мүлік салығымен бірге хабарлама жіберіп қана отырады», - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,316 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.