Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады

1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады

Әлеумет 27.02.2023, 06:37 1,306
1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады
Сурет: ашық дереккөз

1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады. Республика бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.   


Ведомство мәліметінше, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурыз сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.



«Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету - тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы. Құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр дабылдарын және сиреналық сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосылады, сонымен бірге теледидар және радиоарналарының эфирі ұсталады, интернет-ресурстар мен мобайл қолданбаларда ақпарат орналастырылады», - делінген хабарламада.





«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.



«Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек», - делінген хабарламада.



Сонымен қатар, қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.


Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сирена #төтенше жағдай #Дыбыстық дабыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.