ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / 1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініштер...

1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініштер қабылданады

Білім және ғылым 29.05.2024, 09:20 877
1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініштер қабылданады
Cурет: Elorda.info
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер 1 маусымнан 8 шілдеге дейін қабылданады.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер 1 маусымнан 8 шілдеге дейін қабылданады.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі, тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Үміткерлер тестілеуден өткісі келетін қаланы өздері таңдай алады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін  білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізу мүмкіндігі бар.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өтеді және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл.

Шығармашылық мамандықтар бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттар қабылдауды 1 маусым мен 8 шілде аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

Биыл бейінді магистратураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 бал алу керек.

«Сондай-ақ, басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар бейінді магистратураға ақылы негізде әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады», - деді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін онлайн апелляцияға бере алады.

Магистратураға түсушілер 13 мыңға жуық білім беру грантына үміткер бола алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.