AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жаз...

1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі

Заң мен тəртіп 27.05.2025, 10:29 804 yakiya
1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды. 

Шектеу мерзімі:
- еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
- солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.

Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі.

Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.

Жазғы шектеулерді сақтау:
- жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартады;
- жөндеу шығындарын азайтады;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүк тасымалдаушыларды белгіленген тәртіпті сақтауға және маршруттарын шектеу режимін ескере отырып жоспарлауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жүк #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);