AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 маусым заңды демалыс болып жариялануы мүмкін

1 маусым заңды демалыс болып жариялануы мүмкін

Әлеумет 19.06.2025, 14:36 898
1 маусым заңды демалыс болып жариялануы мүмкін
Көрнекі сурет

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атына сауал жолдаған депутаттар балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда 1 маусым - «Балаларды қорғау күні» мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі мүмкін. Бұл туралы бір топ депутаттың депутаттық сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жауабында айтылған.

«Бұл мереке жыл сайын 1 маусымда өтеді, ол ендігі мемлекеттік мәртебеге лайық деп санаймыз», - деп жазған еді депутаттар өз сауалында.

Өзге де мереке күндерін ауыстыруға қатысты қазіргі ережелерді баяндаған министрлік депутаттардың позициясын қолдап, мынандай жауап қайтарған.

«Дәстүр бойынша, бұл күні ата-аналар балаларды аттракциондар саябағына, ойын орталықтарына серуендеуге апарады және жалпы мерекелік көңіл-күйді ұйымдастырады. Аталған мереке ата-аналар мен балаларға бірлесіп уақыт өткізуге, мәдени, тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл баланың жақсы психоэмоционалды жағдайда отбасының жанында толық қауіпсіздікті сезінуіне әсерін тигізеді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сонымен қатар елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Балаларды қорғау күнін» 1 маусым күні мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз», - деп жазылған Жақыпованың жауабында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мереке #демалыс #1 маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);