ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / 1 желтоқсаннан бастап Алматы – Бангкок жаңа тікеле...

1 желтоқсаннан бастап Алматы – Бангкок жаңа тікелей әуе рейсі ашылады

Алматы 08.10.2025, 10:37 472
1 желтоқсаннан бастап Алматы – Бангкок жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
depositphotos.com
Алматыда Туризм басқармасының басшылығы мен Thai AirAsia Х әуе компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе бастаған делегация кездесті. Өзара жүргізілген келіссөздер нәтижесінде...

Алматыда Туризм басқармасының басшылығы мен Thai AirAsia Х әуе компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе бастаған делегация кездесті. Өзара жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Бангкок-Алматы жаңа тікелей әуе рейсі ашылатын болды. Алғашқы рейс 2025 жылы 1 желтоқсанда жоспарланып отыр.

Алматының Туризм басқармасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген саяхатшылар тарапынан қалаға деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Рейсті ашу және AirAsia-мен бірлескен маркетингтік бастамалар Алматыны халықаралық аренада барынша қолжетімді әрі танымал туристік бағытқа айналдырады.

Бангкокта орналасқан Thai AirAsia Х әуе компаниясы 2013 жылы құрылған. Тасымалдаушы Малайзияның AirAsia X және Thai AirAsia бірлескен кәсіпорны болып табылады. Бүгінде әуе компаниясы бүкіл Азия бойынша алыс маршруттарда ұшудың жайлылығын қамтамасыз ететін тоғыз әуе кемесін басқарады.

Алматыны Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында таныту аясында «Алматы туризм бюросы» ЖШС AirAsia әуе компаниясы арасында серіктестік орнаған. Қазіргі уақытта Малайзия мен Сингапур аудиториясына бағытталған ауқымды digital-әлеуметтік медиа науқаны жүзеге асырылып жатыр. Науқан аясында AirAsia логотипі бар Куала-Лумпур - Алматы тікелей рейсінің ашылғанын көрсететін бейнероликтер мен көрнекі материалдар жарияланады. Оның барысында 70 миллионға дейін көрсетілім ұсынылады. Бұл Алматының өңір саяхатшылары арасында танымалдылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, AirAsia офлайн ілгерілетуді де дайындап отыр: Куала-Лумпур мен Сингапурда Алматының көрікті жерлері, тау пейзаждары, Көктөбе аспалы жолы, «Медеу» мұз айдыны және қаланың басқа да көрнекі орындары бейнеленген жарқын билбордтар пайда болады. Онда Visit Almaty және AirAsia логотиптері қойылады. Бұл серіктестіктің құндылығын көрсетеді және Алматы брендінің өңірдің туристік нарығында лайықты орын алуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.