Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 1 желтоқсан - президенттік институттың негізі

1 желтоқсан - президенттік институттың негізі

Әлеумет 01.12.2023, 06:00 1,242
1 желтоқсан - президенттік институттың негізі
Сурет: 24.kz

Бүгін – Тұңғыш Президент күні. 2012-2021 жылдары мемлекеттік мереке ретінде тойланды.


Ал былтырғы қыркүйектен бері бұл тізімнен шығарылды. Мәжілістің таратқан мәліметіне сәйкес, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты қоғамдық маңызы жоғары датаға айналды. Бұл – президенттік институт саласындағы ауқымды реформаның бастауы еді. Осыдан 12 жыл бұрын Сенат 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде бекітті. Әрине, бұл датаның таңдалуы кездейсоқ емес. 1991 жылдың дәл осы күні Қазақстанда алғаш рет президент сайлауы өткен-ді. Сөйтіп, 9 жыл бойы жоғары деңгейде тойланып келді. Алайда, былтыр мемлекеттік мерекелер тізімінен алынды. Әйтсе де, сарапшылар бұл күннің тарихи маңызы зор екенін айтады.



«1 желтоқсан біздің тарихымызда бәрібір қалады. Мемлекеттік деңгейдегі мереке болмаса да, тарихи өте маңызды дата. Жалпы, президент институты – қазақтың тарихында бұрыннан келе жатқан институт. Ең алғашқы президенттік институтты саяси жүйеге енгізу керек деген, 17-жылғы Алаш партиясының бағдарламасы болатын. Президент институты – қоғамның бірегейлігін сақтап қалатын институт ретінде біздің саяси жүйенің негізгі институттарының біріне айналды», -  деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл.



2019 жылы елімізде саяси жаңғыру басталды. Ал былтыр көктемде президент институтының реформасы түбегейлі қолға алынды. Қазақстан суперпрезиденттік жүйеден бас тартты.



«Мен бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанда суперпрезиденттік басқару үлгісі қалыптасты. Дамудың бастапқы кезеңінде мемлекетімізге мұндай үлгі қажет болды. Бірақ, біз бір орында тұрған жоқпыз. Қоғам да, еліміз де өзгеруде. Саяси жүйеміз жаңа жағдайларға бейімделуге тиіс. Қазір бізде барлығы Президентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес», - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 



Президент АMANAT партиясының төрағалығынан кетіп, кейін партиядан шықты. Осылайша, өзге де партиялардың бәсекелестігіне жағдай жасады. Тағы бір өзгеріс – Мемлекет басшысының бұрынғыдай аудан-қала әкімдерін қызметінен босатуына құқы жоқ. Осыған ұқсас бірнеше норма жойылды. Бұл реформа Президенттің қолын босатып, бар күш-жігерін стратегиялық дамуға арнауға мүмкіндік берді. 



«Президент өзінің инаугурациясынан кейін, мысалы 19 елге іссапарын жасады, халықаралық іссапарларын. Бұл не деген сөз? Президенттің басты, үлкен назары халықаралық саясаттағы, сыртқы саясаттағы мәселелерге арналған. Яғни, бүгінгі инвестиция мәселесі, одан басқа Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы деген мәселелердің барлығына өзінің жұмысын, бүкілін соған арнап отыр», - ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.



Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынды. Яғни, ат төбеліндей топтың емес, халықтың мүддесі алдыңғы орында тұруы тиіс. Бүгінде елімізде табысты түрде жүріп жатқан президенттік институт саласындағы реформаның да көздегені осы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 желтоқсан #Тұңғыш Президент күні #атаулы күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.