ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / « Жасанды интеллекті  бастауышта қолдану тәсілі»

« Жасанды интеллекті  бастауышта қолдану тәсілі»

Білім және ғылым 12.02.2025, 18:06 1,339
« Жасанды интеллекті  бастауышта қолдану тәсілі»
almaty-akshamy.kz
«Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында «Заманауи оқытудың формалары мен әдістері. Бастауыш сыныпта жасанды интеллектті қолдану: мүмкіндіктері мен әдістері» атты  қалалық семинар...

«Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында «Заманауи оқытудың формалары мен әдістері. Бастауыш сыныпта жасанды интеллектті қолдану: мүмкіндіктері мен әдістері» атты  қалалық семинар өтті. Аталмыш семинарда білім беру үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттыру, оларды жоғары нәтижелерге жетелеу және жасанды интеллект бағдарламаларын қолдану арқылы оқытудың сапасын көтеру мәселесі кеңінен   сөз болды. Сонымен қатар, 4-сынып оқушылары математика пәнінен «Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту» тақырыбы барысында логикалық есеп шығарып, панорамалық сабақтар өткізді.

Семинарда оқытушылар тәжірибе алмасып, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын талқылады.  Семинар жұмысы  теориялық және практикалық екі бөлімді қамтыды.  Практикалық бөлімінде мұғалімдер интерактивті форматта оқыту тәсілдерімен бөлісті.  Мектеп басшысы Бағила Әшімбаева Сингапурдағы халықаралық тәжірибе алмасу сапарындағы озық тәжірибиелерімен бөлісе отырып, қазіргі таңда мектепте сол тәжірибиелермен бөлісу мақсатында шығармашылық топ құрылғанын,  топта үздік деген ұстаздардың  жұмыс атқарып жатқандығын тілге тиек етті.  

 Аталмыш семинарда оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Алмабаева «Бастауыш білім берудегі ізденістер мен шешімдер» тақырыбында пікірталас ұйымдастырып, қатысушылармен бірге  ой бөлісті. Сабақ барысында жасанды интеллект технологияларын күнделікті сабағында қолданып жүрген бастауыш мұғалімдері өздерінің білімдерін ортаға салды, мәселен бастауыш сынып мұғалімі Л. Кенжебекова, С. Интанова ««Не үйрендім? Не білдім?», «Кyndelik.kz» платформасының мүмкіндіктерім мен тиімділігі» атты панорамалық сабақтар өткізді. Сонымен қатар,  «Әліппені» оқытуда оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін  жаңа тәсілдер ұсынылды. Сабақ барысында жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді әдістері көрсетілді. Мәселен,  Г.Бейсенова, Ш. Темірбек Н. Дүйсембаева,  Л.Кенжебекова  оқушыларға практикалық сабақ жүргізсе, қорытынды бөлімінде педагогтар тәжірибелік сабақтар мен жаңа технологияларды енгізудің артықшылықтары туралы пікір алмасты.  

Қазіргі білім беру жүйесінде жасанды интеллект пен заманауи технологияларды пайдалану – уақыт талабы.  Осы семинар аясында бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың білім деңгейін арттырып, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы олардың қабілеттерін дамыту жолында мол тәжірибе жинақтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.